Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

28 мамыр күні Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Н.Т.Биболаев, Айыртау ауданына келген қандастармен кездесу өткізді

14 отбасының ішінен 21 адамнан тұратын 5 отбасы квотаға енгізілді. Құрамында 29 адамы бар 7 отбасының отағасылары сауалнама мен тестілеу рәсімдерінен өтуді күтуде, бұл белгілі бір қиындықтар туғызуда.Кездесу барысында қатысушылар қандас мәртебесін алу, тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеу, сондай-ақ көшуге арналған субсидиялар мен экономикалық мобильдік сертификатын алу мүмкіндігіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.Көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынды. Сонымен қатар аудандық Мансап орталығына келген отбасыларды сүйемелдеу бойынша нақты тапсырмалар берілді