Қазақстанда Наурыз мерекесі Наурызнама форматында жалғасуда — әр күн ерекше мәнге, дәстүрлерге және игі істерге толы.
📅 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 🎭
Халықтың мұрасын, салт-дәстүрін және рухани құндылықтарын сақтау күні.
📅 17 наурыз — Шаңырақ күні 🏠
Үлкендерді құрметтеу, отбасылық байланыстарды нығайту, туған үйдің жылуын дәріптеу.
📅 18 наурыз — Ұлттық киім күні 👘
Қазақтың ұлттық киімін және мәдениетін насихаттау.
📅 19 наурыз — Жаңару күні 🌱
Ағаш отырғызу, айналаны абаттандыру, игі өзгерістердің бастауы.
📅 20 наурыз — Ұлттық спорт күні 🏇
Жарыстар, ойындар және ұлттық спорт түрлерін дамыту күні.
📅 21 наурыз — Ынтымақ күні 🤝
Қазақстандағы барлық этностардың достығының, бейбітшілік пен келісімнің символы.
📅 22 наурыз — Наурыз мейрамы (Жыл басы) 🌞
Көктемнің басты мерекесі, жаңа жылдың басталуы, молшылық пен қуаныш күні.
📅 23 наурыз — Тазару күні ✨
Үйді, ойды және істі тазарту күні. Қорытынды жасап, жаңа бастамаларға қадам басатын уақыт.
🌸 Наурыз әр шаңыраққа денсаулық, береке, тыныштық және молшылық әкелсін!





