Осы жылдың 14 қарашасында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана базасында, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары А. Сейітовтың төрағалығымен, еңбек ресурстары артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шара Басқарманың бастамасы және қолдауымен Еңбек мобильдігі орталығымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға орталықтың мамандары, әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімдерінің орынбасарлары, Мансап орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.
Азаматтарды көшіру және қандастарды бейімдеу жұмыстарының нәтижелері туралы ЕМО директоры Н.Т. Бибулаев баяндама жасап, бұл бағытта мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Одан кейін аудан әкімдерінің орынбасарлары жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді:
— «Қоныс аударушыларды жұмыспен қамту туралы» – Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Д. Мажғұлова; — «Квотаның орындалуы туралы» – Есіл ауданы әкімінің орынбасары А. Бектасова; — «Қоныс аударушыларды орналастыру туралы» – Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Алин. Кеңес қорытындысы бойынша А. Сейітов көші-қон бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Семинардың екінші бөлігіне ЕМО қызметкерлері, Мансап орталықтарының директорлары мен мамандары қатысып, қандастарды бейімдеу, қоныс аударушыларды мониторингтеу, сондай-ақ «migration.enbek.kz» порталының жұмысы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Семинар спикерлері ретінде ЕМО директорының орынбасарлары А. Рамазанова, А. Сыздыков және қандастарды бейімдеу және интеграциялау бөлімінің басшысы Г. Ильясова сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.





