Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Салт-дәстүрлерді үздік таныстырғаны үшін Гран-при Ақжар ауданының Мансап орталығы филиалына бұйырды. Ұжым «Қыз ұзату», «Қыз қуу», «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» дәстүрлерін жарқын түрде көрсетті.

🥇 Салт-дәстүрлерді үздік таныстырғаны үшін Гран-при Ақжар ауданының Мансап орталығы филиалына бұйырды. Ұжым «Қыз ұзату», «Қыз қуу», «Бесікке салу» және «Тұсау кесер» дәстүрлерін жарқын түрде көрсетті.👏
🥈 1 орынды ұлттық дәстүрлерді толық сақтай отырып «Қыз ұзату» рәсімін ұсынған Аққайың ауданының Мансап орталығы филиалы иеленді 🇰🇿
🥉 2 орынды бөлісті:
— Есіл ауданының Мансап орталығы (ұлттық спорт түрлері 🏇)
— Тайынша ауданының Мансап орталығы («Тұсау кесер»)
🏅 3 орынды М. Жұмабаев, Жамбыл және Уәлиханов аудандарының Мансап орталықтары иеленді. 👏
🥨 Сонымен қатар, қатысушылар «Baursak Fest» фестивалінде белсенділік танытып, іс-шараға ерекше жылулық, дәм мен мерекелік көңіл-күй сыйлады 😋
🎁 Барлық жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтуде 📜 Шал ақын, Айыртау, Мамлют және Тимирязев аудандарының Мансап орталықтары белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталады. ❗️ Г. Мүсірепов және Қызылжар аудандарының Мансап орталықтары байқауға қатысқан жоқ, алдағы уақытта белсенділік танытады деп сенеміз.
💫 Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық дәстүрлерді насихаттау, мәдени мұраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізу.
🤝 Мұндай шаралар ұжымдардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, командаларды біріктіреді, корпоративтік рухты нығайтады және кез келген мақсаттарға жетуге ынталандырады.
👏 Қатысушылар — жарайсыздар! Әр ұжым бірлік, мәдениет пен дәстүрге толы осы жарқын мерекеге өз үлесін қосты!

#наурыз #цтм #ско #конкурс