Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңесшісі Ералы Лұқпанұлы Тұғжанов Петропавл қаласындағы Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығында болды.
Құрметті мейманды Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ринат Серікұлы Елжасов және Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Нұрлан Төлеұлы Бибулаев қарсы алды.
Сапар барысында Ералы Лұқпанұлы орталықтың қызметімен, қоныс аудару бағдарламаларымен және ұлттық жобалар мен еңбек мобильділігі бағдарламалары аясында қоныс аударушыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.
Одан кейін Маңғыстау облысынан Солтүстік Қазақстан облысына тұрақты тұруға келген қоныс аударушылармен кездесу өтті. Кездесу қатысушылары мемлекеттен толық көлемде қолдау мен субсидия алғандарын, материалдық жағдайларын жақсартқанын атап өтті. Отбасы мүшелері жұмысқа орналасқан, балалар балабақша мен мектепке барады.
2020 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде
Бағдарлама жүзеге асырылған уақыт ішінде, яғни 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта, Солтүстік Қазақстан облысына еңбек ресурстары артық өңірлерден 17 мыңнан астам адам қоныс аударды, және бұл көрсеткіш өсіп келеді. Мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы елдің солтүстік аймақтарындағы кадр тапшылығын толықтыруға, еңбек әлеуетін дамытуға және жұмыс күшін тиімді бөлуге ықпал етуде.
📞 Анықтама телефоны: 53-11-48
#кеңесші #цтм #қоныс аударушылар # Маңғыстау





