Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

СКО-на шақырамыз: Өмір мен мансапқа жаңа мүмкіндіктер!

📍 Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.А. Сыздықов бастаған делегациямен кездесулер өтті.

✅ Бір күн бұрын СҚО-ға қоныс аударуға қызығушылық танытқан тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Қатысушыларға бағдарламалардың шарттары, мемлекеттік қолдау шаралары және өңірдегі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

🎓 Сапардың қорытынды күні делегация С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, студенттер мен түлектермен кездесу өткізді.

👥 Делегация құрамында:
— ЕМО бөлім басшысы Г.С.Ильясова
— Тимирязев ауданының КЦ директоры А.Б.Құсаинова
— Жамбыл ауданының КЦ директоры Г.В.Еримова
— 🏥 Жамбыл аудандық ауруханасының директоры Б.Т.Қашаганова
— 🏥 Тимирязев аудандық ауруханасы директорының м.а. Д.К.Камиров
Қатысушыларға:
✅ қолданыстағы қоныс аудару бағдарламалары
✅ СҚО-дағы сұранысқа ие бос жұмыс орындары
✅ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері
✅ мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат берілді 📈

Мемлекеттік қолдау шараларына ерекше назар аударылды:
🏠 жұмысқа орналасуға көмек;
🏡 тұрғын үй сатып алуға қолдау;
💰 көшуге берілетін субсидиялар;
🚀 өз ісін ашуға арналған гранттар жайлы;

📞 СҚО-ға қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласу телефоннөмірі:
8 (7152) 53-11-48