2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, осы маңызды саланың мамандарына құрмет пен алғыс белгісі ретінде құрылған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Петропавл қаласында салтанатты іс-шара өтті.
Кәсіби мереке құрметіне әлеуметтік қорғау мамандары арасында облыстық байқау өтті, байқау қорытындысы бойынша:
🏆 "Еңбек мобильділігі орталығы, Мансап орталығының үздік маманы" номинациясы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Мансап орталығы бөлімінің басшысы — Нұрмақанов Руслан болып танылды.
👏 Еңбек ұтқырлығы орталығының есепшісі — Әбілқина Ғалия алғыс хатпен марапатталды.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің барлық мамандарын кәсібилікті жоғары бағалаумен шын жүректен құттықтаймыз, еңбекте одан әрі табыс, мықты денсаулық, жеке өмірінде амандық пен бақыт тілейміз! 🌷





