Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасарлары А.А. Сыздыков пен А.К. Рамазанова ЦТМ директоры Н.Т. Бибулаевтың атынан тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Көптеген жылдар бойы бұл әйелдер әртүрлі салаларда еңбек етіп, адамдарға көмектесіп, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосты. Осы күні құттықтауларды А.С.Попцова, С.Х. Гарифова және Е.А. Абрамова қабыл алды.
Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері гүл шоқтарын табыстап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тіледі.
Шағын сыйлықтар мен шынайы ықылас аға буын өкілдері үшін ерекше маңызды. Өйткені қамқорлық пен құрмет — олардың еңбегі мен өмірлік жолына көрсетілетін ең үлкен алғыс. 💐